20.06.2011, 14:45 3460

"Қазақтелеком" Интернет желісіне қосылу жылдамдығын ұлғайтты

"Операторлық саладағы тарифтік саясатты жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, кең жолақты Интернет желісіне қосылу қызметін әрі қарай дамыту үшін 2011 жылдың 15 маусымынан бастап байланыс операторлары үшін трафикті есептемейтін "Шексіз (Unlimited)" тарифтік жоспары бойынша Интернет желісіне қосылу жылдамдығы екі есеге арттырылады. Кең жолақты Интернетке қосылу қызметіне ай сайынғы төлемақы көлемі өзгеріссіз қалады", - деп хабарлайды "Қазақтелеком" АҚ қоғаммен байланыс қызметі.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan Today - "Қазақтелеком" АҚ ай сайынғы төлемақы көлемін қымбаттатпастан байланыс операторлары үшін Интернет желісіне қосылу жылдамдығын арттырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Операторлық саладағы тарифтік саясатты жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, кең жолақты Интернет желісіне қосылу қызметін әрі қарай дамыту үшін 2011 жылдың 15 маусымынан бастап байланыс операторлары үшін трафикті есептемейтін "Шексіз (Unlimited)" тарифтік жоспары бойынша Интернет желісіне қосылу жылдамдығы екі есеге арттырылады. Кең жолақты Интернетке қосылу қызметіне ай сайынғы төлемақы көлемі өзгеріссіз қалады", - деп хабарлайды "Қазақтелеком" АҚ қоғаммен байланыс қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын ҚР ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев "Қазақтелеком" АҚ жыл соңына дейін Интернетке қосылу жылдамдығын 2 есеге арттыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны