31.05.2007, 19:12 107672

"Қазақтелеком" Kazakhstan Today агенттігінің жұмысын шектеп отыр

АЛМАТЫ. 31 - мамыр. Kazakhstan Today. "Қазақтелеком" АҚ Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің жұмысын бір апта бойы шектеп отыр.

"Сенбі күнгі түс әлетінен бері "Қазақтелеком" АҚ "Алма-Медиаға" тиесілі желілерден IP -пакеттерінің өтуін шектей бастады, ал оның техникалық алаңында ақпараттық агенттіктің ДНС-сервері орналасқан. "Қазақтелеком" оған кіру мүмкіндігін жауып отыр". Сондықтан да "Қазақтелеком" тұтынушылары Kazakhstan Today сайтына кіру мүмкіндігінен айрылды, себебі атауларға рұқсат беру жүйесі жұмыс істемейді", - деп түсіндірді агенттікке "Алма-Медиа" баспа үйінің техникалық қызметкерлері.

"Сонымен қатар, бүгін Қазақстанның желілік ақпараттар орталығы Caravan.kz домендік атауына қызмет көрсетуді тоқтатты, соның салдарынан Kazakhstan Today агенттігіне жазылушылардың электрондық пошталарына ақпарат жіберуге шектеу қойылып отыр",- деп қосты қызметкер.

"Бұл шара заңдық тұрғыдан қарағанда да күдікті іс болып табылады, себебі Kaznic Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының аталмыш доменді жабу туралы ешбір сөз айтылмаған анықтамасына сілтеме жасайды",- деп түсініріп өтты агенттік тілшісіне баспа үйінің заңгерлері.

Kazakhstan Today агенттігінің журналистері бір апта бойы республикамыздың мемлекеттік органдарының, атап айтқанда президенттің (www.akorda.kz), үкіметтің (government.kz), Бас прокуратураның (procuror.kz) және басқа да мекемелердің ресми интернет-сайттарын аша алмай отыр.

Сонымен қатар, оқырмандар www.kz-today.kz сайтына шығатын агенттіктің ақпараттар таспасымен дер кезінде таныса алатын мүмкіндіктен айрылды. Сондай-ақ сайт "Қазақтелекомның" қызметін пайдаланатындар үшін ғана жабық болып отыр.

Сөйте тұра "Қазақтелекомның" баспасөз қызметі соңғы үш күнде осы болып жатқан оқиғаға өздерінің қатысы бар екендігін теріске шығарып отыр. Компания басшылығымен байланысқа шығу мүмкін болмады. "Бізде бүгін екі үлкен жиналыс бар, сондықтан да басшылық бүгін жауап бере алмайды",- деп хабарлады "Қазақтелеком" АҚ баспасөз хатшысы Балжан Ильбисинова.

Болып жатқан оқиғаларға ашу білдірген жазылушылар мен оқырмандар агенттік ұжымына қолдау білдіруде. "Бізде Байқоңырда Интернет жер серігімен таратылады және провайдер мәскеулік, сондықтан да мен апта бойы сайтты еркін ашып, ақпараттарды оқып отырмын... Осындағы әкімшілік цензура мен жергілікті момақан БАҚ-тарды жаппай уысында ұстаумен салыстырғанда Қазақстан билігінің БАҚ-қар қарсы қолданып отырған қитұрқылығы толып жатқан былық деуге тұрарлық! Біз, журналистердің етіксіз етікшінің кебін кигендігіміз өкініш тудырады. Оқырмандар мен телекөрермендеріміздің мұң-мұқтажына бірден көмекке ұмтыламыз, сөйте тұра өзімізді қорғай алмаймыз... Менің тілерім тек жігерлілік пен шыдамдылық қана. Сондай-ақ, Kazakhstan Today агенттігінің сайтын жаппас деген үміттемін, әйтпесе мен мүлдем жалғызсырап қалам... Бекемдік тілеймін.. !"" - деген хат алдық Байқоңырдағы оқырманымыздан.

Осы тектес хат пен қоңыраулар Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан және республикамыздың басқа да облыстарынан келіп жатыр, сондай-ақ, Ресей, Қырғызстан, Ұлыбритания және басқа да алыс-жақын шетелдердегі әріптестеріміз қоңырау шалуда. Олардың барлығы да агенттіктің жаңалықтарын ешқандай шектеусіз, еркін режимде оқу мүмкіндігін асыға күтуде.

Осыған байланысты біздің жазылушыларымызға және жедел, ақиқат және объективті ақпарат алудан мүдделілердің бәріне агенттіктің он-лайн режимде жұмыс істей беретіндігін хабарлаймыз. Бізге қолдау көрсеткендердің барлығына алғысымызды білдіреміз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны