11.12.2015, 09:20 4682

Қазақтыӊ нар тұлғасы Ибіш Кекілбаев дүниеден озды

Идебиеттегі алыптар тобыныӊ ізін жалғастырған Қазақстанныӊ халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері Ибіш Кекілбаев өмірден озды. Қазақ әдебиетіне "Үркер", "Елеӊ-алаӊ" романдары секілді шоқтығы биік туындылар әкелген абыз тұлға саналы ғұмырында жауапты қызметтер атқарды.

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қалыӊ қазақ қабырғаны қайыстырар ауыр қайғыға душар болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Идебиеттегі алыптар тобыныӊ ізін жалғастырған Қазақстанныӊ халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері Ибіш Кекілбаев өмірден озды. Қазақ әдебиетіне "Үркер", "Елеӊ-алаӊ" романдары секілді шоқтығы биік туындылар әкелген абыз тұлға саналы ғұмырында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасыныӊ тұӊғыш Мемлекеттік хатшысы, Парламент Сенатыныӊ депутаты болды. Бірнеше орден-медальдермен марапатталған, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Исраил Сапарбай, ақын:

- Шын мәнінде біздіӊ алдымыздағы, әдебиеттіӊ, ата-бабаларымыздан қалған ұлы рухтыӊ бір жоқтаушысы еді. Ол кісініӊ студент кезімізден, жас кезімізден бастап шығармаларын оқып, сусындап, рухани азық алып едік. Қалай болғанда да жүрегі кеӊ, кемел, қазақтыӊ маӊдайына біткен ғажап адам еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны