30.11.2007, 11:05 3370

Казатком және Маловодное ауылдарындағы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша сот тыңдаулары жалғасуда

Казатком және Маловодное ауылдарындағы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша сот тыңдаулары жалғасуда

Талдықорған. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Талдықорғанда Казатком және Маловодное ауылдарындағы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша сот тыңдаулары жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның хабарлауынша, бүгін мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды ұзақ мерзімге бас бастандықтарынан айыруды талап етті. Прокурор Азамат Садықов, Бақыт Сәрсембаев және Қанат Батырхановқа қатысты айыптауды растады.

Оларға аса қатыгездікпен кісі өлтіру, билік өкілдеріне қарсы шығу, сонымен қатар бөтен мүлікті жою және бүлдіре отырып бұзақылық жасау айыптары тағылуда.

Мемлекеттік айыптаушы соттан бір айыпталушылны 23 жылға, ал қалған екеуін 21 жылға бас бостандықтарынан айыруды сұрады.

"КТК" хабарлауынша, жәбірленушілердің өкілдері өз кезегінде істі қосымша тергеуге қайтаруды сұрады.

"Қазір Талдықорғанға Маловодное мен Казатком ауылдарының тұрғындары келуде. Олар процессті өз көздерімен көрмек ниетте. Қалада, әсіресе сот маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген",- деп хабардар етті телеарна.

Естеріңізге сала кетейік, ресми жорамалға сүйенсек, Казатком ауылындағы қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 18-наурызында әдеттегі төбелестен басталған болатын. Маловодное аулында Тахир Махмаханов пен Бекжан Сәлімбаевтің арасында жанжал шыққан. Бұл жанжал Сәлімбаевтың туыстары мен таныстарын Махмахановтардың үйіне шабуыл жасауға итермелеген, соның салдарынан қарулы қақтығыс туып, бес адам құрбан болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны