Система Orphus

Қазгидрометке тиесілі жер Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің келісімімен алынған - Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы

22.08.2008, 18:52 356

Алматы. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қазгидромет" кәсіпорнының меншігінде болған жер телімі Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің келісімімен "Тастай Девелопмент" ЖШС сатып алған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы хабарлады.

"Қазгидромет" РМК меншігінде болған жер телімі мен жылжымайтын мүлік нысандарын мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті арқылы "Алматыжер" кәсіпорнына беруді келісу жөніндегі дәлелдеме Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылдың 27 қазанындағы хатында көрсетілген", - деп хабарлайды Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны