05.10.2016, 16:35 6328

Қазығұрт ауданында жыл басынан бері 1498 жаӊа жұмыс орны ашылды

Биыл ауданда барлығы 69 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылса, "Өрлеу" пилоттық жобасына арқылы 131 адамға 5117 мыӊ теӊге шартты ақшалай көмек тағайындалған. Аудан әкімдігініӊ хабарлауынша, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша үш бағытта жұмыс жүргізілген.

Шымкент. 5 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында жыл басынан 1498 жаӊа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оныӊ ішінде 1119 адам тұрақты жұмысқа, 364 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген. Бүгінде ауданда жұмыссыздық денгейі 3,18 %-ды құрап отыр.

Биыл ауданда барлығы 69 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылса, "Өрлеу" пилоттық жобасына арқылы 131 адамға 5117 мыӊ теӊге шартты ақшалай көмек тағайындалған. Аудан әкімдігініӊ хабарлауынша, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша үш бағытта жұмыс жүргізілген.

Бірінші бағыты - елді мекендердегі құрылыс жұмыстарына 10 жұмыссыз азамат тартылып, жоспар 100 пайызға орындалса, екінші бағыт бойынша 110 адамға 294,5 млн. теӊге көлемінде несие берілген. Ал, бағдарламаныӊ үшінші бағыты арқылы 138 тұрғын әлеуметтік жұмысқа орналасқан.

Айта кетерлігі, жұмыспен қамтудыӊ түрлі бағыттары бойынша да жоспар артығымен орындалған. Мәселен, жастар практикасына 100 адам жіберу жоспарланса, 106 маман тәжірибеден өтіпті. Мемлекеттік және аймақтық бағдарлама бойынша 330 адамды жұмысқа тарту көзделсе, бұл жоспар 100 пайызға орындалды. Жалпы, Қазыұрт ауданында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына 1897 адам тартылып, жоспар 111 пайызға орындалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны