06.09.2016, 19:23 4121

"Қазконтент" АҚ өз ресурстарыныӊ бағытын өзгертеді

"Бүгінде интернет - телевизиядан кейін ақпарат алатын екінші арна. Қазнет ақпараттыӊ сенімді көзіне айналды. Кейбір сайттарға сенімділік деӊгейі 80%-ға жетеді. Бұл еӊ жақсы көрсеткіштердіӊ бірі болып саналады", - деді А.Ахметов.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазконтент" АҚ өз ресурстарыныӊ бағытын өзгертеді. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы Асқар Ахметов хабарлағандай, "Қазконтент" АҚ мемлекеттік ақпараттық ресурстарын жаӊғырту ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ басшылығымен жүргізіледі және олардыӊ тиімділігін арттыруға бағытталған.

Брифинг барысында мәлім болғандай, бүгінде "Қазконтент" АҚ алдында қазақстандықтардыӊ ақпаратқа қажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін жобалар контентініӊ сапасын арттыру міндеті тұр.

"Бүгінде интернет - телевизиядан кейін ақпарат алатын екінші арна. Статистика мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таӊда Қазақстанда бар интернет-қолданушылардыӊ 70 пайызы күн сайын интернетке кіріп, ақпарат оқиды, тіркеледі және т.б. Айта кетерлігі, Қазнет ақпараттыӊ сенімді көзіне айналды. Отандық сайттарға қазақстандықтар кез келген ақпаратты оқу үшін жүгінеді. Кейбір сайттарға сенімділік деӊгейі 80%-ға жетеді. Бұл еӊ жақсы көрсеткіштердіӊ бірі болып саналады", - деді А.Ахметов брифинг барысында.

Қазконтент - интернет басылымдары журналистерініӊ ұстаханасы, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы Асқар Ахметов.

"Біз Астана қаласыныӊ университеттерімен тығыз қарым-қатынастамыз, оныӊ ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен ынтымақтастық меморандумға қол қойған болатынбыз. Аталмыш келісім аясында тәжірибе мен тағылымдамаға келген журналистер кейіннен жұмысқа тұруға мүмкіндік алады", - деді А.Ахметов.

Компания жетекшісініӊ айтуынша, "Қазконтентке" жас журналистер келіп, кейіннен жұмысқа орналасып жатады.

"Бізде 2-3 жыл жұмыс істеп жатқан адамдар бар, олардыӊ кейбіреуі кейін жеке меншік БАҚ-қа кетіп жатады. Біз Қазақстанда бар интернет басылымдары журналистерініӊ үлкен ұстаханасы болып табыламыз", - деді ол.

Сондай-ақ, А.Ахметов айтып өткендей, бүгінде "Қазконтент" түлектерін жетекші республикалық БАҚ-тан көруге болады.

Bnews.kz

Елімізде екі мемлекеттік ақпарат агенттігі бар - олар "Қазақпарат" ХАА және Bnews.kz АА. Алайда бүгінде екі мемлекеттік БАҚ-тыӊ арасындағы бәсекеніӊ керегі жоқ. Дегенмен, қазақстандықтар үшін интернеттен жылдам ақпарат алу әрқашан маӊызды. Сол себепті тарихы бай Қазақпарат елдіӊ басты ақпарат агенттігі болып қала береді. Ал Bnews басқа сегментке ауысады, яғни жаӊалықтарды жан-жақты талдап, сараптап, түсіндіретін талдамалы бағытқа бет бұрады. Мұны шолу, сұхбат, сауалнама, мультимедиа, сараптама арқылы жүзеге асырады.

Жаӊа форматқа сәйкес, Bnews сайты да түрленіп, жаӊартылады.

Baq.kz

Baq.kz редакиялық тұрғыдан нығайып, мемлекеттік тілде жұмыс істейтін басты ақпарат агенттігі атағына үміткер болады. Baq.kz - өз жаӊалықтары бар агрегатор, өӊірлерден эксклюзивті жаӊалықтар тарататын №1 ақпараттық портал.

Kaztube

Алғашқы ұлттық видео-портал саналатын Kaztube еӊ үлкен агрегаторға және барлық отандық видео контенттіӊ "қоймасына" айналады. Kaztube-те бірегей ұлттық видео-контент, соныӊ ішінде алтын медиақор орналасатын болады. Қазақстан туралы мемлекеттік тілдегі видеолардыӊ барлығын дерлік Kaztube порталынан табуға мүмкіндік жасалады. Сайттыӊ дизайны өзгереді.

EL

Алғашқы қазақстандық әлеуметтік желі ретінде танымал EL жобасы едәуір өзгеріске ұшырамақ. EL Қазақстандағы және қазақстандықтардыӊ өмірі жайында, шығармашылық, саяхат, мәдени оқиғалар, лайфхак, вайндар туралы материал жариялайтын ақпараттық-көӊіл көтеру порталына айналады.

ADEBIPORTAL.KZ

Идеби портал жаӊа кейіпке енеді. Оныӊ мақсаты елімізде гуманитарлық білімді дамыту және дәріптеу болмақ. Материалдарды беру мен интерфейс жаӊартылады. Мобильді қосымша іске қосу жоспарланып отыр, оныӊ көмегімен кітап оқуға және аудиокітаптарды тыӊдауға мүмкіндік туады.

Сайт мәдениетті, мемлекеттік тілді дамытуға арналған платформаға айналады.

E-HISTORY.KZ

E-HISTORY.KZ сайтыныӊ редакциясы материал ұсыну жағын жақсарту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Біз тарихи портал форматын одан әрі дамыта түспекпіз. E-HISTORY.KZ алаӊында "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес National Digital History құрылады.

Сайт тарихты сүйетін және ол жайында тереӊірек білгісі келетін жандар үшін жұмыс істейтін болады. Материалдыӊ барлығы ғылыми-танымдық формада ұсынылады. Сайтқа интерактивті түрде бірегей тарихи контенті бар "Казахстаника" бөлімі қосылады. Арнайы жобалар, сауалнамалар, тест және өзге де интерактивті шаралар өткізу жоспарланып отыр.

"Қазконтент" АҚ-ныӊ әр ресурсы трансформация барысында смартфондар мен планшеттерге арналған ыӊғайлы мобильді нұсқаға ие болады.

"Қазконтент" АҚ интернет-ресурстарыныӊ трансформациясы мемлекеттік органдар мен халық арасында тиімді байланыс құруға бағытталған.

Айта кетейік, "Қазконтент" АҚ-ныӊ негізі 2009 жылы ұлттық контент қалыптастыру және Интернет желісініӊ қазақстандық сегментін дамыту мақсатында құрылды. Сол кездегі холдингтердіӊ барлық жобасы қазақстандықтарға пайдасын тигізер ұлттық контент қалыптастыруға бағытталды.

"Қазконтент" АҚ-ныӊ "Ақпараттық Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырған жобаларыныӊ бірі - "Баспа БАҚ-тыӊ Интернетке көшуі" өз жемісін берді. Бүгінгі таӊда 2213 басылымныӊ 50%-дан астамы жобаға қатысты, ал 1200 баспа басылымы толығымен Интернетке ауысуға немесе онлайн-нұсқамен толығуға мүмкіндік алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны