08.12.2009, 18:09 3632

"Қазмырыш" тарапынан күкірт қышқылының бағасын көтеру Қазақстандық үлесті ұлғайту бағдарламасына қайшы келеді - Сағынтаев

"Қазмырыш" тарапынан күкірт қышқылының бағасын көтеру Қазақстандық үлесті ұлғайту бағдарламасына қайшы келеді - Сағынтаев

Павлодар. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазмырыш" тарапынан күкірт қышқылының бағасын көтеру Қазақстандық үлесті ұлғайту бағдарламасына қайшы келеді, өйткені бұл отандық күкіртқышқылды алюминийді тұтынушыларды Ресей мен Қытайдың нарығына көшуге итермеледі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының іскерлік өкілдерінің форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, "2009 жылдың қаңтарынан бері "Қазақстан Алюминийі" АҚ (Павлодар алюминий зауыты), күкіртқышқылды алюминий өндіруді "Қазмырыш" шығыратын күкірт қышқылының қымбаттығына байланысты уақытша тоқтатқан".

"Біз Қазақстандық үлесті ұлғайту туралы айтамыз, бірақ бұл оқиға аталған бағдарламаға қайшы", - деді ол. Б. Сағынтаевтың айтуынша, "Қазмырыш" шығыратын күкірт қышқылының қымбаттығына байланысты қазір отандық күкіртқышқылды алюминийді тұтынушылар бұл өнімді Ресей мен Қытайдың кәсіпорындарынан сатып алуға мәжбүр".

Б. Сағынтаевтың пікірінше, "бұл мәселенің шешімі тұрғын үй-коммуналдық сала кәсіпорындарын отандық өндіріс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді".

Жалпы алғанда, әкімнің айтуынша, 11 айдың қорытындысында Павлодар облысы Қазақстандық үлес бойынша 170 млрд теңгенің шартын орындады.

"Біз Қазақстандық үлес бойынша жұмысты бастаған кезде өңірдегі 145 тауар өндіруші тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша ірі кәсіпорындармен және ұлттық компаниялармен 21 меморандумға қол қойған. Болжанған сома 148,1 млрд теңге болған. Алайда, 2009 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша нақты шаттардың жалпы көлемі 170 млрд теңгеден асты, яғни, 115% орындалды", - деді Б. Сағынтаев.

Осы орайда оның айтуынша, "көршілес өңірлер деңгейіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктері бұрынғыдай толық пайдаланылмай отыр". 2010 жылға Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілерімен 603 млн теңгеге меморандумдар жасасуға мүмкіндік туды, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 3 есе артық.

"Қазақстандық үлес мәселесімен айналыса бастаған кезде біз облыстардың арасындағы айналымның аса төмен деңгейде екенін білдік. Енді міне, бірінші кезеңнің соңына таман біз екі облыстың арасындағы Қазақстандық үлесті үш есе арттырдық. Меніңше, бұл қандай жағдайда да өте төмен сан, бізде оны бірнеше есе ұлғайтуға мүмкіндіктер бар", - деді Б. Сағынтаев.

Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Павлодарда Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

"Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысы өнеркәсіпшілерінің кездесуі қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылып отыр. Қол қойылып отырған келісімнің негізгі міндеті - отандық өндірушілер мен тауарлар мен қызмет тұтынушыларының іскерлік байланыстарын жақсарту болып табылады. Жақында Павлодарда өткен отандық тауар өндірушілердің форумында Шығыс Қазақстан облысының компанияларымен 2010 жылға біз 603 миллион теңге соманың меморандумдарына қол қойған болатынбыз - бұл ағымдағы жылғы көрсеткіштен үш есе көп", - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев өз сөзінде.

Кездесуде өз аймағының танымал кәсіпорындарының өнімдерін таныстырған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев өз сөзінде: "Біздің міндетіміз - өнеркәсіпшілерді қолдау. Біз сіздермен көршіміз, сондықтан да екі облыстың арасындағы тауарлық және ақпараттық алмасуларды жақсартуымыз керек", деп атап көрсетті.

Аймақтардың басшылары бірлескен жұмыс жаңа жұмыс орындарын құрады, кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын жүктейді және көршілес тауар өндірушілердің іскерлік белсенділігін арттырады деп санайды.

Павлодарда сондай-ақ, Шығыс Қазақстан кәсіпорындары өнімдерінің көрмесі ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны