03.06.2013, 12:45 3040

Келесі жылы ауылды елді мекендерді байланыс және интернет қызметтерімен толық қамту мүмкін болады

Ауылды елді мекендерді байланыс және интернет қызметтерімен толық қамту келесі жылы мүмкін болады, деп хабарлады "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі баспасөз мәслихатында.

Астана. 3-маусым. Kazakhstan Today - Келесі жылы ауылды елді мекендерді байланыс және интернет қызметтерімен толық қамту мүмкін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ауылды елді мекендерді байланыс және интернет қызметтерімен толық қамту келесі жылы мүмкін болады, деп хабарлады "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі баспасөз мәслихатында.

"Алдағы жылы қажетті ауылды жерлерді жүз пайыз толық қамту туралы айтуға болады",- деді Қ.Есекеев.

Сонымен қатар, ол қазақстандық ауылдарды байланыс және интернетпен қамтамасыз ету қалалану үдерісіне байланысты болатынын атап өтті.

Компанияның мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 маусымына ҚР үй шаруашылығы мен мекемелерінде тіркелген телефон желілері саны 4 млн. 70 мыңды құрады.

Өз кезегінде соңғы жылы кең жолақты қатынау қызметіне қосылулар саны 30% өсіп, 1 млн. 300 мыңды құрады.

Осылайша, оның 15% оптикалық желілер бойынша қосылған, олар 20 Мбит/с-дан 100 Мбит/с қатынау жылдамдығын алып отыр.

Бұдан өзге, үстіміздегі жылдың 5 айында iD Net қызметін пайдаланушылар саны екі есеге өсіп, 182 мың портты құрады. iD TV клиенттеренің саны 182 мың үй шаруашылығына жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны