21.04.2015, 16:28 3607

Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан контрабандалық жолмен жанар-жағармай өткізетін шлангты анықтады

Шланг шекара маӊындағы Шу өзенініӊ жағасындағы жерге көміліп, одан әрі су астымен Қырғызстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткен. Жағармай шлангыныӊ ұзындығы шамамен 1500 метр, диаметрі - 500 мм

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғыз Республикасыныӊ Мемлекеттік шекара қызметі басқармасыныӊ Шу облысы бойынша "Токмок" шекара заставасыныӊ шекарашылары Қазақстаннан Қырғызстанға жанар-жағармай ЖЖМ (дизельдік отын) заӊсыз, жасырын өткізетін шлангты анықтады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы МШҚ-ніӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шланг шекара маӊындағы Шу өзенініӊ жағасындағы жерге көміліп, одан әрі су астымен Қырғызстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткен. Жағармай шлангыныӊ ұзындығы шамамен 1500 метр, диаметрі - 500 мм, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Шекарашылар шлангты анықтағаны туралы құзырлы органдарға хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны