18.07.2008, 13:22 1246

Қырғызстан азаматтары Қазақстан аумағында 90 күн тіркеусіз бола алады

Қырғызстан азаматтары Қазақстан аумағында 90 күн тіркеусіз бола алады

Бішкек. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан азаматтары Қазақстан аумағында 90 күн тіркеусіз бола алады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Көші-қон және жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.

"Қырғызстан азаматтары шілдеден бастап Қазақстанда 90 күн бойы тіркеусіз бола алады. Мұндай нәтижеге қол жеткізуге екі республика арасында көші-қон саласында туындайтын түрлі тауқыметтерді шешу үшін жуырда құрылған екі жақты жұмыс тобының іс-қызметі септігін тигізді", - деді комитет төрайымы Айгүл Рысқұлова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны