13.05.2008, 10:15 1603

Қырғызстан Қазақстанға тасымалданатын картоп экспортын қайта жандандырады

Қырғызстан Қазақстанға тасымалданатын картоп экспортын қайта жандандырады

Бішкек. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Қазақстанға тасымалданатын картоп экспортын қайта жандандырады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Ауыл, су шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш ауыл шаруашылығы өнімінің Қазақстан Республикасына тасымалдануы Қазақстанның ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Дулат Айтжанов берген рұқсат негізінде іске асырылатын болады.

Қырғызстан Республикасының Ауыл, су шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп министрлігі биылғы жылдың 10 сәуірінде Қырғызстан Республикасының аумағында зиянды карантиндік ағза - картоп нематодасының таралуына байланысты азық-түлік және тұқымдық картопты Қазақстанға экспорттауға тыйым салғанын еске салды.

Экспорт қайта жанданған кезде "Кеген", "Қордай", "Айша бибі" және "Сыпатай батыр" шекара бекеттерінде нематода құртын тексеретін зертхана ұйымдастырылады. Зиянды ағза табыла қалса, картоп кері қайтарылады. Ал экспорттық картоп тек қана азық-түлік ретінде ғана пайдаланылады, тұқымдыққа пайдаланылмайды, деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Ауыл, су шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп министрлігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны