25.06.2008, 11:31 1458

Қырғызстан парламентшілері "Тараз - Талас - Суусамыр автожолын реабилитациялау" жобасына қосымша $2 млн 300 мың бөлуді қарастыратын заң жобасын мақұлдады

Қырғызстан парламентшілері "Тараз - Талас - Суусамыр автожолын реабилитациялау" жобасына қосымша $2 млн 300 мың бөлуді қарастыратын заң жобасын мақұлдады

Бішкек. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламентшілері "Тараз - Талас - Суусамыр автожолын реабилитациялау" жобасына қосымша $2 млн 300 мың бөлуді қарастыратын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бастапқыда 37 шақырым жол салу көзделген болатын, артынан бұл сан 57-ге дейін өсті. Осыған байланысты жобаны қаржыландыруды Ислам даму банкі қосымша 1 млн 300 мың ислам динарын, яғни, $2 млн 300 мың бөлуді мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны