31.03.2008, 11:19 3250

Қырғызстанда 2008 жылдың қаңтар- наурыз айларында бюджет шығындары кірістен асып кетті

Қырғызстанда 2008 жылдың қаңтар- наурыз айларында бюджет шығындары кірістен асып кетті

Бішкек. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 2008 жылдың қаңтар- наурыз айларында бюджет шығындары кірістен асып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

"2008 жылдың бірінші тоқсанында алдын-ала мәлімет бойынша, бюджет шығындары 8,6 млрд сом, ал кіріс - 7,5 млрд сомды құрады. Ал кіріс бөлігі жоспардың 95% көлемінде орындалды, алайда, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,2 млрд сомға артық, бұл жағдайда өсім 43,5 процентті құрады", - деп хабарлады Қырғызстанның қаржы министрі Тажикан Калимбетова республика үкіметінің жанындағы макроэкономикалық және инвестициялық саясат жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында.

Т. Калимбетованың айтуынша, бюджеттің 52% -ын кедендік аударымдар, 34% - салық түсімдері құрады. Сонымен бірге, мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түскен түсімдер белгіленген көрсеткіштен біршама кенжелеп қалды, ол жоспардағы 97 млн сомның орнына 14 млн сомды құрады.

Жалақы төлемдері мен қорғаудағы баптар бойынша төлемдерді 100% қамтамасыз ету, сондай-ақ, көктемгі тұқым себу науқанын жүзеге асыру (2,6 млрд сом) мүмкін болды. Қамбар Ата 2-ші СЭС құрылысына жұмсалған күрделі қаржы 30 млн сомды құрады, 70 млн сом ағымдағы күзде Бішкекте өтеді деп межеленген ТМД саммитіне дайындыққа жұмсалды.

$1 36,5 сомға тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны