09.04.2010, 13:55 4391

Қырғызстанда 9 - 10 сәуір аза тұту күні деп жарияланды

Қырғызстанда 9 - 10 сәуір аза тұту күні деп жарияланды

Бішкек. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстанда 9 - 10 сәуір аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы кеше Қырғызстанның уақытша халықтық үкіметінің төрайымы Роза Отунбаева телевидение арқылы сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бүгін құқық қорғау органдары қызметкерлерімен арадағы Ала-Тоо орталық алаңындағы қақтығыста, 7-сәуірде қаза тапқан үш адамды жерлеу рәсімі өтеді. Олардың мәйіттері туыстарына берілді, жерлеу рәсімі қаза тапқандардың туған ауылдарында өтеді.

Сондай-ақ, уақытша үкіметтің қаулысымен жерлеу комиссиясы құрылатын болды. Қаза тапқандардың отбасыларына 250 мың сом ($5,5 мың ) көлемінде бір реттік материалдық жәрдемақы беріледі.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда сәуірдің 6 мен 8 аралығында президент Құрманбек Бакиевтің отставкаға кетуін талап еткен жаппай наразылық науқандары өтті. Елде төтенше жағдай енгізілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өткен күндерде Қырғызстанда 75 адам қаза тауып, 1,5 мың адам зардап шеккен. 9 және 10 сәуір Қырғызстанда соған байланысты қаралы күндер деп жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны