01.10.2007, 15:39 3146

Қырғызстанда әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша ақы енгізілді

Қырғызстанда әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша ақы енгізілді

Бішкек. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша ақы белгіленді. Сәйкес жарлыққа Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында осы жарлыққа қол қойылды", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, 2007 жылдың 1-қазанынан бастап сал ауруымен ауыратын, ВИЧ індеті бар немесе СПИД-пен ауыратын, бала кезінен І топтағы мүгедек санатындағы мүгедек балаларға 300 сом мөлшерінде жәрдемақы беріледі.

Сондай-ақ, 200 сом мөлшеріндегі қосымша жәрдемақы мүгедек балаларға, бала кезінен ІІ топтағы мүгедектерге, зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы болмаған жағдайда жалпы аурулармен ауыратын І топтағы мүгедектерге, батыр-аналарға және зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы жоқ тұл жетімдерге берілмек.

Сонымен қатар, бала кезінен ІІІ топтағы мүгедектер, зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы болмаған жағдайда жалпы аурулармен ауыратын ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер, қарт азаматтар мен зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы жоқ, асыраушысынан айырылған балалар 100 сом мөлшеріндегі жәрдемақыға ие болмақ.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қырғызстанда 300 сомға 3 литр өсімдік майын немесе 2 кг ет сатып алуға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны