04.12.2007, 17:50 3237

Қырғызстанда қашқын шекарашы бір адамды атты

Қырғызстанда қашқын шекарашы бір адамды атты

Бішкек. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның оңтүстігінде қашқын шекарашы өзін ұстау кезінде бір адамды атты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгін 1 сағат 30 минутта Ош шекара отрядында әскери міндетін атқарушы қатардағы әскер өз еркімен қызметтен кетіп қалған және де өзімен бірге қару ала кеткен",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Қашқынды Ош облысында, Юбилейный аулының маңынан тапқан. Онымен келіссөздер жүргізуге майор Талантбек Дарчибаев бастаған жедел топ жіберілген болатын.

"4.00 шамасында офицер келіссөз жүргізуге шығып, осыдан кейін ол қашқын бой тасалаған коммерциялық дүкенге кірген, осы кезде қатты абыржулы күйдегі әскердің атқан екі оғы Талантбек Дарчибаевтің мойнына тиіп, ол алған жарақат салдарынан қайтыс болды",- деп атап өтті Қырғызстанның Шекара қызметіндегілер.

Осыдан кейін қатардағы әскер оқиға орнынан бой тасалаған, кейін ол Нарын өзенінің жағалауынан табылған. Қашқынмен келіссөздер жүргізіліп жатыр, аймақ қоршалып, қосымша посттар қойылған. Келіссөздердің сәтті өтуі үшін оқиға болып жатқан жерге әскердің ата-аналарын әкелу жоспарлануда.

Қолдағы бар ақпараттарға сүйенсек, қатардағы әскерде алты оқтай қалған. Аталмыш дерек бойынша қызметтік тергеу басталды. Қайтыс болған Талантбек Дарчибаевтың артында жары мен үш жасар ұлы қалды. Қашып кеткен әскерді үстіміздегі жылдың көктемінде Токтогул ауданының әскери комиссариаты борышын өтеуге шақырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны