19.09.2007, 15:15 2806

Қырғызстанда Констиуцияның жаңа редакциясы бойынша бүкілхалықтық референдум өтеді

Қырғызстанда Констиуцияның жаңа редакциясы бойынша бүкілхалықтық референдум өтеді.

Бішкек. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Елдің Ата заңының жаңа редакциясы талқыға салынатын референдум 21 қазанға белгіленген", - деп хабарлайды агенттік осы елдің мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев тиісті жарлыққа қол қойды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, дауыс беруге арналған бюллетеньде дауыс беруге екі мәселе шығарылған: Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев жобасын референдумға ұсынған "Қырғыз Республикасының Конституциясының жаңа редакциясы туралы" заң жобасын қабылдау және "Қырғыз Республикасының Қырғызстандағы сайлау туралы кодексінің жаңа редакциясы туралы" Қырғызстан президенті бүкілхалықтық референдумға ұсынған заң жобасын қабылдау".

Осыған байланысты Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясына атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен етене жақын ықпалдастық аясында "референдумды дұрыс ұйымдастырып өткізу, заңнаманың сақталуын қадағалау, жұртшылықты оған дайындық және өткізу барысы туралы жүйелі түрде хабарландырып отыруды қамтамасыз ету" тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны