02.10.2007, 16:06 3091

Қырғызстанда өмір бойы бас бостандығынан айырылған Қазақстанның үш азаматы жазасын өтеуде

Қырғызстанда өмір бойы бас бостандығынан айырылған Қазақстанның үш азаматы жазасын өтеуде


Бішкек. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Қазақстанның үш азаматы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Граждане против коррупции" құқық қорғау орталығына сілтеме жасай отырып.

"Қырғызстанда Өзбекстанның алты азаматы, Қазақстанның үш азаматы, Ресейдің үш азаматы, Тәжікстанның үш азаматы, Қытай Халық Республикасының екі азаматы және Түркияның біра азаматы өлім жазасының орындалуын күтуде",- деп хабарлады орталықтан.

Құқық қорғаушылардың мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанда 172 адам өлім жазасына бұйырылған, олардың 159 адам өлтірген, қалғандары лаңкестік пен заңсыз қарулы құрылымдар ұйымдастыруға қатысқандар. Сотталғандардың басым бөлігі – қырғыздар (63 адам) мен орыстар (48 адам).

Өлім жазасының орындалуын барлығы 16 ұлт күтуде. Қырғызстанда мұндай сотталушылардың тәуліктік азығы 15 сомнан сәл ғана асады (0,4 АҚШ доллары).

Қырғызстанның құқық қорғау ұйымдары республика басшылығынан аталмыш жазаға тартылған азаматтарды дұрыс тамақтандыруды, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді бірнеше рет сұраған.

Естеріңізге сала кетейік, республикада өлім жазасын орындауға моратория 1998 жылы жарияланған болатын. 2007 жылдың маусымында Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиев, өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруды қарастыратын заңға қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны