08.01.2007, 14:35 2592

Қырғызстанда ресейлік альпинистерді мұздақтан түсіруге қатысты құтқару шарасы аяқталды

БІШКЕК. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстанда ресейлік альпинистер тобын Байчечекей мұздағынан түсіруге қатысты құтқару операциясы аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, сегіз адамнан тұратын ресейлік альпинистер тобы 6-қаңтар күні Чонкурчак шатқалындағы (Қырғызстанның Чуйск облысының Аламединск ауданы) Байчечек мұздағына бет алған болатын. Тауға өрмелеу барысында саяхатшылардың бірі аяғын сындырып алған. Көмек көрсету туралы дабыл түскеннен кейін қырғыздық құтқарушылар 11 адамнан тұратын топ құрған.

11 сағат 54 минутта құтқарушылар тобы Чонкурчак шатқалына аттанып, 13 сағат 40 минутта төрт құтқарушы мұздаққа жаяу көтерілген, ал 18 сағат 20 минутта олар ресейлік саяхатшылармен кездесті. Зардап шеккен альпинистке медициналық көмек көрсетілді. Қараңғылықтың түсуіне байланысты құтқарушылар лагерь құрып, уақытша түнеуге мәжбүр болған.

Құтқару операциясы таңертең қайта жалғасып, 7-қаңтардың 14 сағатында аман-есен аяқталды. Зардап шегушінің ахуалы қанағаттанарлық.

Қырғызстан Республикасының ТЖМ баспасөз қызметінде көрсетілгендей, құтқарушылар 2100 метр биіктіктен түскен. Бұл таулы-саяхат саласындағы жіктеу бойынша ең қиын 3Б санатына жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны