10.01.2007, 18:47 2824

Қырғызстанда валюта контрабандасына қатысты деген күдікпен ұсталған депутаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды

БІШКЕК. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстанда валюта котрабандасына қатысты деген күдікпен Манас халықаралық әуежайында декларацияда көрсетілмеген ақшамен ұсталған республика парламентінің депутаты Темир Сариевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Республикасының бас прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Мекеме ақпаратына сүйенсек, қылмыстық іс Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы (контрабанда) бойынша қозғалып отыр. Депутаттан осы жылдың 9-қаңтарында Бішкек - Стамбул бағытындағы рейске тіркеу жүргізу барысында ережеге сай декларацияда көрсетілмеген 100 мың АҚШ доллары табылған болатын.

Қырғызстанның заңына сәйкес, Т. Сариевқа мүлкін тәркілетумен қатар 5 - 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.

Сонымен қатар, әуежайдағы дау-жанжалдан кейінгі баспасөз мәслихатында сөз алған депутаттың сөзіне сүйенсек, ол 100 мың АҚШ долларын емес, 10 мың АҚШ долларын әкетіп бара жатқан. Т.Сариевтің айтуынша бұл ақшаны өзінің кәсіпкер ағасының өтініші бойынша ірімшік өндіруге арналған қоспалар сатып алу үшін жеткізіп бермек болған. Т. Сариев Қырғызстан депутаттарының іскерлік сапарларында алып бара жақтан қаржысын бұған дейін ешқашан декларацияда көрсетпей келгенін айтуда. "Ешбір депутат шетелге шығарып бара жатқан ақшасын декларацияда көрсетпейтін",- деді депутат.

Т. Сариев "Реформалар үшін" оппозициялық қозғалысының басшыларының бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны