08.04.2010, 13:48 2938

Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар (толықтырылған)

Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар (толықтырылған)

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінің ақпаратына сәйкес, Бішкекте болған тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандардың арасында бір Қазақстан азаматы бар - ол Жамбыл облысының Мерке ауданында тұратын 1994 жылы туған Шиян Илья Владимирович есімді азамат", - деді А. Ибдірахманов.

Оның айтуынша, қаза тапқан жан тәртіпсіздіктер қарсаңында Бішкекте оқитын әпкесіне барған.

"Министрлік қаза тапқан адамның отбасына көңіл айтады. Қазір Бішкектегі Қазақстан елшілігі қаза тапқан жігіттің мәйітін жіберуге және жас бозбаланың өлім құшу себептерін анықтау үшін қажетті шаралардың бәрін қолдануда", - деді А. Ибдірахманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны