29.07.2008, 13:06 1591

Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасына келетін су көлемі азая түсті

Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасына келетін су көлемі азая түсті

Бішкек. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасына келетін су көлемі 2008 жылдың қорытындысы бойынша 2007 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,1 млрд текше метрге азая түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі

"Северэлектро" ААҚ электр қуатын сатып алу және сату бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарапшылардың бағалауынша, бүгінгі күні су тапшылығы Орталық Азиядағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. ТМД елдерінің арасынан су қамтамасыздығы жағынан Қазақстан ең соңғы орында. Республиканың орны толатын су қорының шамамен тең жартысы одан тысқары жерлерде - Қытайда, Өзбекстанда, Ресей мен Қырғызстанда жинақталады.

Сырдария бассейні Қырғызстан, Қазақстан , Өзбекстан мен Тәжікстан секілді төрт республиканың аумағын қамтиды. Бұл өзеннің су ресурстары негізінен Қазақстан аумағынан тысқары жерлерде қалыптасады. Оның 74% Қырғызстанға, 14% жуығы - Өзбекстанға, 3% жуығы Тәжікстанға, Қазақстанға 9% тиесілі. Сырдария суы 1965 - 1985 жылдары өзеннің басында су қоймаларының каскады салынғаннан кейін еңжоғары деңгейде пайдаланылуда. Олардың ішіндегі ең ірілері - Қырғызқстандағы Тоқтғұл мен Қазақстандағы Шардара су қоймасы.

Бүгінгі күні Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасындағы су тапшылығы бірінші кезекті проблемаға айналды. Мәселен, 2008 жылдың 30 сәуірі, көк шығатын тұста су қоймасындағы су көлемі 6,48 млрд текше метрге дейін азайды - эбұл кейінгі 20 жылдағы ең төменгі су көлемі. Судың қысымы азаюға байланысты бұл станцияның қуат шығару мүмкіндігі екі есе азайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны