20.05.2008, 14:57 4601

Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасына құйылып жатқан су көлемі ұлғайды

Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасына құйылып жатқан су көлемі ұлғайды

Бішкек. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасына құйылып жатқан су көлемі ұлғайды. Бірнеше күннен бері ағылып жатқан су көлемі секундына 589 текше метрді құрайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының мұнай трейдерлері қауымдастығының басшысы Базарбай Мәмбетов мәлімдеді.

Оның сөздері бойынша биылғы жылдың сәуір айында су қоймасына секундына 256 текше метр су құйылып отырған.

"Гидрологтардың пікірі бойынша су көлемінің ұлғаюы мұздақтардың бір ай бұрын ерте еруімен байланысты ", - деді Б. Мәмбетов.

Ол атап өткеніндей, бүгінгі күні Тоқтағұл су қоймасының су деңгейі 6 млрд 853 млн текше метрді құрайды.

Тоқтағұл су қоймасы 19,5 млрд текше метр суды сыйдыра алады.

Мұнай трейдерлері қауымдастығының басшысы атап өткеніндей, Қырғызстанда су қоймасына толтырылатын су көлемі деңгейін бекіту нормасын енгізу керек. Су көлемі бұл көрсеткіштен кеміп немесе аспауы тиіс. Оның сөздері бойынша мұндай нормалар Өзбекстанда бар.

"Жыл қандай болмасын су деңгейі белгіленген көрсеткіштен төмендемейді. Ал Қырғызстанда мысалы Талас, Киров су қоймаларында су таусылғанға дейін жіберіліп отырады ", - деп атап өтті Б. Мәмбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны