14.05.2010, 14:02 3081

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында жаңа билікті жақтаушылар мен оған қарсылардың арасында қақтығыстар болды

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында жаңа билікті жақтаушылар мен оған қарсылардың арасында қақтығыстар болды

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстанның облыс орталығы - Жалал-Абад қаласында бүгін "Ата-Мекен" партиясының өкілдерінен құралған уақытша үкіметті жақтаушылар мен бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің жақтастары арасында қақтығыстар болды. Бұл туралы телефонмен хабарласқан оқиға куәгерлерінен мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

Олардың мәліметінше, "Ата-Мекен" партиясының 1,5 - 2 мыңдай мүшесі Жалал-Абад қаласының орталығына келіп, бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің жақтастарынан олар кеше басып алған облыстық әкімшілік ғимаратын босатуды талап етті. Тараптардың арасында қақтығыстар туындаған. Оқиға куәгерлерінің хабарлауынша, төбелес кезінде бірнеше оқ атылған, бірақ, кімнің кімге қаратып оқ атқаны беймәлім. Оқиға орнынан жедел жәрдем көліктері төбелес кезінде жарақаттанған үш жігітті алып кетті, олардың біріне оқ тиген. Төбелес кезінде адамдар тас пен таяқтарды пайдаланды.

Reuters агенттігінің соңғы мәліметіне сәйкес, кеше басып алынған облыстық әкімшілік ғимараты бүгін босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны