21.04.2008, 09:42 1420

Қырғызстанның жаңа Салық кодексінде ҚҚС 12%-ға төмендетілген

Қырғызстанның жаңа Салық кодексінде ҚҚС 12%-ға төмендетілген

Бішкек. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның жаңа Салық кодексінде ҚҚС 12%-ға төмендетілді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Мемлекеттік алым-салық комитетінің төрағасының орынбасары Иділбек Қасымәлиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ол жаңа кодексте көлік тұрағына, қоқыс шығарғанға, курортқа, жолды пайдалануға салынатын салық қысқартылғанын атап көрсетті.

Сонымен қатар жылжитын, жылжымайтын мүлікке салық енгізіледі. Бұл ретте салық пайдалану мерзімі мен құрылыс материалына байланысты анықталатын болады.

Сонымен қатар жер қойнауын пайдалануға салық енгізілді. Білім берудегі салық салынатын шығындардың 10 пайызына денсаулық сақтаудың 20 пайызына салық салынбайды.

И. Қасымәлиев жаңа Салық кодексінде акцизді тауарлардың тізімі қысқартылғанын хабарлады. Енді акциз кофе мен тері өнімдерінен алынбайды. Сондай-ақ, зергерлік бұйымдардан салық алу тәртібі де өзгерді. Егер бұрын салық өнімді шығарар кезде алынып келсе, бұдан былай ол тек өнім сатылған кезде ғана алынатын болады. Ойынхана, ойын автоматтары, сауна, автотұрақ пен дискотекаға салынатын салық ұлғаяды.

Ведомство өкілі Қырғызстанның кодексіне сәйкес ендігәрі қазіргідей жаппай тексерулер жүргізілмейтін болады. "Барлық компаниялар тәуекел үлесіне қарай бағаланады. Егер де фирма осы тізімге кіретін болса, онымен салық инспекторлары жұмыс жасайтын болады", - деп хабарлады И. Қасымәлиев.

Ол сондай-ақ, фискалды қызметтердің қызметкерлері бұдан былай тексеретін нысандарды өз еріктерімен таңдай құқынан айырылатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны