12.09.2011, 15:35 22088

Қыркүйектің алғашқы күндері "Назар аударыңыз - балалар!" атты республикалық акциясы өткізілді - баспасөз баяны

Іс - шараның мақсаты - балалардың қатысуымен жол- көлік оқиғаларын алдын алу, балалар жол-көлік жарақатының мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.

2011 жылдың 1-5 қыркүйек аралығында ІІМ жаңа оқу жылының басталуына ұштастырылған "Назар аударыңыз - балалар!" республикалық акциясы өткізілді.

Іс - шараның мақсаты - балалардың қатысуымен жол- көлік оқиғаларын алдын алу, балалар жол-көлік жарақатының мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.

Іс-шара өткізуге әртүрлі ведомстволар және мекемелердің 1414-і, соның ішінде 1078 мемлекеттік емес мекемелер жұмылдырылды.

Халықты тәрбиелеу, білім беру және ақпараттандыру процессінде көрнекі үгіт құралдарын пайдалану, жол бойында плакаттар мен панно орналастыру өзекті болып қалады. Жаңа оқу жылының басында балалар жол-көлік жарақатын алдын алуға бағытталған 168,3 мыңнан астам бірлік тиражымен 474 түрлі көрнекі үгіт құралдарын басып шығарды, 1013 плакаттар мен панно орнатылды.

Білім беру органдары өкілдерімен бірлесе отырып мектептерге 6760 зерттеулер жүргізілген, оның 3652 автоалаңқайлармен, 5542 - ЖҚҚ бойынша класстармен жабдықталған.

Жол және коммуналды органдармен бірлесе отырып, 3865 жалпы білім беретін мекемелердің аумақтарына іргелес орналасқан жаяу жүргіншілер өтпелерін қажетті жол белгілерімен, жол таңбаларымен, жол жүргіншілер қоршауларымен және басқа да жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарымен жабдықталуына зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 3131 мектептің жанында жабдықталған жаяу жүргіншілер өтпелері бар, 2042мектептің қасындағы жүргінші бөлікте өнеркәсіпте жасалған жасанды жол бұдырлары ("жатқан полицей") орнатылды.

Тексеру қорытындысы бойынша 458 ақпарат әкімдікке жолданды, оның ішіндегі 305-і мектеп аудандарында жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту туралы ақпарат.

Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен балаларды оңалтуға көмек көрсету мақсатында денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, психологиялық медициналық орталықтардың базасындағы қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп жол-көлік оқиғасының қатысушысы болған ата-аналар мен балаларды шақыра отырып, "жол-көлік оқиғалардан зардап шеккен балаға көмектес" атты 137 акция өткізілді. Акция барысында жол қауіпсіздігі бойынша ойын ойнату бағдарламаларын және конкурстарды, психологтардың, дәрігер-неврологтардың және басқа да мамандардың консультациялары ұйымдастырылды. Жол полициясының қызметкерлері ЖКО-дан зардап шеккен балалар үшін қан таспырды.

1 қыркүйекте жол полициясы қызметкерлері жалпымектептік салтанатты жиналыстарды өткізуге қатысты. Жаңа оқу жылының бірінші бес күн аралығында оқушылар арасында 8,3 мыңнан астам әңгімелесулер мен дәрістер өткізілді. Барлық аймақтар мен облыстық орталықтарда "Үздік мұғалім", "Жол қозғалысы қауіпсіздігінің үлгілі сыныбы", "Үлгілі мектеп" конкурстары жарияланған.

Іс-шараны өткізу кезінде жол полициясы жасақтарының бекеттері мен патрульдеу бағыттары оқу мекемелеріне едәуір жақын орналасты, мұнда жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Нәтижесінде 31,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелері бұзу анықталды, оның ішінде 3587 көше қиылысын жүріп өту ережелерін бұзғандығы үшін, 1978 жаяу жүргіншілер өтпесін жүріп өту ережелерін бұзғандығы үшін.

"Назар аударыңыз - балалар!" тақырыбына қоғамның пікірін зерделеу мақсатында, республика бойынша 22 мыңнан астам респондентті қамти отыра халық арасында 359 сауал жүргізілді.

Жергілікті атқару органдарымен, КСК төрағаларымен бірлесе отырып, тұрғын аймақтарда, аулалардың аумағында, балалар мен спорттық алаңдардың маңында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтармен 734 кездесулер (жиындар) өткізілді.

Балалар жол-көлік жарақатын алдын алу бойынша жол полициясы бөлімшелерінің жұмысы жалғасуда. 10 қыркүйекте Астана телеарнасында Жол полициясы комитетінің "Қауіпсіз жол" жұма сайынғы мамандырылған бағдарламаның тұсаукесері өтеді, оның бірінші шығарылымы балалардың жолдардағы қауіпсіздігіне арналады. Одан басқа, сол күннен бастап еліміздің телеарналарында жол қозғалысының қауіпсізідігі бойынша бейнероликтер ежіреге шығады

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны