20.04.2010, 12:02 1494

Қытайда жер сілкінісі құрбандарының саны 2 мың 39 адамға жетті

Қытайда жер сілкінісі құрбандарының саны 2 мың 39 адамға жетті

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қытайдың солтүстік батысындағы Цинхай провинциясының Юйшу уезінде болған жер сілкінісі құрбандарының саны 2 мың 39 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Цинхай провинциясының Юйшу уезінде болған жер сілкінісі құрбандарының саны 2 мың 39 адамға жетті. Бұдан бұрын бұл сан 1 мың 706 адам болған.

Қазір құтқару операциясы одан әрі жалғасуда. Оған 10 мың қытай әскерилері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны