13.05.2017, 17:48 4853

Қызылорда қаласында БҰҰ Жол қозғалысы қауіпсіздігініӊ 4-ші әлемдік апталығы өткізілуде

Бұдан бөлек, шара барысында Жол қозғалысыныӊ жас инспекторлары бүкіл әлем балаларыныӊ көмегімен жасалған Жол қозғалыс қауіпсіздігініӊ балалар декларациясын Қызылорда ҚІІБ Жергілікті полиция қызметі бастығыныӊ орынбасары полиция майоры Шағырбай Руслан Ишанбекұлына табыстап, ол кезегінде Қазақстан Республикасы ІІМ ИПК атынан Жол қозғалыс қауіпсіздігініӊ 4-ші әлемдік аптасыныӊ ашылуымен құттықтады.

Қызылорда. 13 мамыр. Kazakhstan Today - "Балалардыӊ жолдағы қауіпсіздігі" атты кеӊ ауқымды акция шеӊберінде 2017 жылдыӊ 10 мамыр күні Жол қозғалысыныӊ жас инспекторлары және Қызылорда қаласындағы №198 орта мектебініӊ оқушылары іс-шара өткізді.

Шара барысында оқушылар көлік жүргізішілері мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасап, жолда жүру мәдениетін сақтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Сондай-ақ, олар аумақ басшысына өтініш білдіріп, барлық жол қозғалысы қатысушыларыныӊ атынан жол қозғалыс қауіпсіздігініӊ әлемдік апталығын қолдауын сұрады.

Бұдан бөлек, шара барысында Жол қозғалысыныӊ жас инспекторлары бүкіл әлем балаларыныӊ көмегімен жасалған Жол қозғалыс қауіпсіздігініӊ балалар декларациясын Қызылорда ҚІІБ Жергілікті полиция қызметі бастығыныӊ орынбасары полиция майоры Шағырбай Руслан Ишанбекұлына табыстап, ол кезегінде Қазақстан Республикасы ІІМ ИПК атынан Жол қозғалыс қауіпсіздігініӊ 4-ші әлемдік аптасыныӊ ашылуымен құттықтады.

Қызылорда облысыныӊ тұрғындары арасында жылдамдықты сақтау ережесін бұзбау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Жол қауіпсіздігініӊ мәселесі барлық әлемніӊ дамығын мемлекеттерде өте өзекті мәселе балып табылады. Зардап шеккендердіӊ жас шамасы - 10 мен 24 жас аралығын қамтиды.

Жылдамдықты асыру - ол жолдағы қауіп-қатердіӊ басты факторы болып табылады.

Жылдамдықты асырған сайын жол апатыныӊ құрбаны болу қаупі жоғарылап, ауыр жол көлік оқиғаларыныӊ орын алуына әкеп соқтырады. Жылдамдықты сақтау мәселесі тек жүргізушілер мен жолаушыларға ғана емес, ол басқа да велосипедисттер және жаяу жүргіншілер сияқты жол қозғалысыныӊ қатысушыларына да қатысты,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны