31.05.2017, 16:44 14083

Қызылорда қаласындағы "Шағбан" жекеменшік балабақшасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ипотерапия бағдарламасы ашылады

Қызылорда қаласындағы "Шағбан" жекеменшік балабақшасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ипотерапия бағдарламасы ашылады. Еліміз бойынша Шығыс Қазақстанда жұмысын бастаған бағдарламаны біздіӊ аймақ екінші болып қолға алғалы отыр.

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласындағы "Шағбан" жекеменшік балабақшасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ипотерапия бағдарламасы ашылады. Еліміз бойынша Шығыс Қазақстанда жұмысын бастаған бағдарламаны біздіӊ аймақ екінші болып қолға алғалы отыр. Бұл туралы бүгін облыстық білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Бағдат Бердәулетов Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қазақстанда 25 мамыр мен 15 маусым аралығында "Нұрлы болашақ" ұранымен акция өтуде. Акция аясында балалардыӊ құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамныӊ назарын аудару мақсатында түрлі шығармашылық байқаулар мен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып жатыр. Облыс бойынша 45 мүмкіндігі шектеулі бала Алматы қаласында өтетін "Жұлдызай" республикалық шығармашылық фестиваль мен спарткиадаға, 4 оқушы Санк-Петербург қаласында өтетін халықаралық "Шаг навстречу" фестиваліне қатысуда.

- 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардыӊ музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерініӊ шеруі өткізіледі. Барлығы 3710 оқушы мен студент қатыстырылатын шеру "Достық" үйінен бастау алып, Арбат арқылы орталық алаӊға жетеді. Сондай-ақ, мереке күні Президенттік, халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар және ғылыми жоба байқауларына қатысып, жүлделі орын алған 48 оқушымен облыс әкімініӊ кездесуі жоспарлануда, - дейді Бағдат Бердәулетов.

Сонымен қатар 12 маусымда Дүниежүзілік балалар еӊбегін пайдалануға қарсы күрес күні атап өтіледі. Қызылорда облысында "Бала еӊбегін пайдалануға қарсы 12 күндік" Ұлттық ақпараттық науқанды өткізудіӊ іс-шаралар жоспары қабылданған. Айта кетейік, бала еӊбегін қанаудыӊ алдын алу үшін білім басқармасыныӊ 60-54-58 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны