01.10.2018, 14:04 4288

Қызылорда қаласыныӊ құтқарушылары жылу құбырына қысылып қалған баланы құтқарып алды

Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағыныӊ құтқарушылары оқиға орнына жедел шығып, жағдайды анықтап арнайы гидравликалық авариялық-құтқару құрал жабдықтарыныӊ көмегімен екі жылу құбырдыӊ арасын кеӊейтіп баланы шығарып алды.

Қызылорда. 1 қазан. Kazakhstan Today -10 жасар жасөспірім Қызылорда қаласыныӊ Ақмешіт мөлтек ауданындағы жылу құбырларыныӊ арасында қысылып қалды. Оқиға 2018 жылдыӊ 30 қыркүйек күні түстен кейін болды. Ойын кезінде 10 жасар жасөспірім достарымен жылу магистралі құбырларыныӊ арасына сүрініп құлап, қысылып қалған. Достарыныӊ айтуы бойынша, ол кездейсоқ сүрініп, екі құбырдыӊ арасына түсіп кеткенін айтты. Достары өз күштерімен оны шығара алмаған.

Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағыныӊ құтқарушылары оқиға орнына жедел шығып, жағдайды анықтап арнайы гидравликалық авариялық-құтқару құрал жабдықтарыныӊ көмегімен екі жылу құбырдыӊ арасын кеӊейтіп баланы шығарып алды. Бақытымызға орай, бала жарақат алған жоқ, оған медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар оқушы баланы анасына тапсырды.

Мұндай жағдайларда ата-аналар өз балаларына көбірек көӊіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауы керек. Бірақ егерде бала бір жерде қысылып қалса және өзіӊіз шығара алмасаӊыз, құтқарушыларды шақырыӊыз. Бірыӊғай құтқару нөмірі: 112.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны