16.05.2017, 17:37 4284

Қызылорда мемлекеттік университетінде "SMM негіздері және желідегі контент" тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр

Бүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-діӊ Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығында аймақтық блогерлерге, баспасөз хатшылары мен журналистика мамандығында оқитын студенттерге арналған "SMM негіздері және желідегі контент" тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр.

Қызылорда. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-діӊ Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығында аймақтық блогерлерге, баспасөз хатшылары мен журналистика мамандығында оқитын студенттерге арналған "SMM негіздері және желідегі контент" тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр.

Оны облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Руханиятты қолдау" қоғамдық қоры ұйымдастырып, "Қазақстандық блогерлер Альянсы" қоғамдық бірлестігініӊ вице-президенті Аршат Ораз жүргізді. Блогер қатыушыларға әлеуметтік желідегі SMM негіздерін түсіндіріп, контент маӊызын дамытудыӊ тәсілдерін үйретті. "Желі әдебі немесе нетикет", "Ақпараттық соғыс және қорғаныс амалдары" тақырыптарында дәріс оқыды.

Қатысушылар тапсырмалар орындай отырып, қызықтырған сауалдарына жауап алды. Оларға семинар-тренинг соӊында сертификаттар табыс етіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны