26.04.2017, 16:08 4306

Қызылорда областық телекоммуникациялар дирекциясы кәсіби шеберлік конкурсын өткізді

"Қазақтелеком" АҚ "Үздік маман" республикалық конкурсына Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы атынан конкурс жеӊімпазы Нұрсұлтан Илімбетов қатысатын болады.

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда областық телекоммуникациялар дирекциясы магистральді және жергілікті телекоммуникация желілерініӊ талшықты-оптикалық кабельді дәнекерлеушілер мен цифрлық желілерге қызмет көрсететін мамандар арасында кәсіби шеберлік конкурсын өткізді.

Конкурстыӊ басты мақсаты - негізгі жұмыс мамандықтарыныӊ беделін арттыру, техникалық блоктыӊ үздік мамандарын айқындау, сонымен қатар тәжірибе алмасу мен қызметкерлердіӊ шығармашылық ынталарын дамыту болды.

Қатысушылар еӊбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтап, берілген уақытта талшықты - оптикалық байланыс желісін күту мен пайдалану бойынша теоретикалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындады.

Конкурс комиссиясыныӊ шешіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету орталығыныӊ жетекші инженері Нұрсұлтан Илімбетов, техникалық қызмет көрсету орталығыныӊ электромонтері Айгерім Сұлтанбекова, Шиелі желілік техникалық цех электромеханигі Рақымжан Жұмабеков жеӊімпаз болып танылды.

"Қазақтелеком" АҚ "Үздік маман" республикалық конкурсына Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы атынан конкурс жеӊімпазы Нұрсұлтан Илімбетов қатысатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны