15.06.2017, 13:59 3303

Қызылорда облысы Қазалы аудандық ауылшаруашылығын шағын несиемен қамтуды жүзеге асырудыӊ орындалуы жөнінде көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізілді

Қабылдауға келген тұрғындар өздерініӊ өзекті мәселелерін алға тартып, үкімет тарапынан несие алу жолдары мен оныӊ пайыздары жайында сауал қойып, арнайы мамандардан кеӊес алды.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясыныӊ "Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту" жобасы аясында ауылдық елді-мекендердегі тұрғындарға қажетті кеӊес беру мен ауылшаруашылығын шағын несиемен қамтуды жүзеге асырудыӊ орындалуы жөнінде көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізілді.

Көшпелі қабылдауға "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, "Ауылшаруашылығын қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалыныӊ Қазалы ауданы бойынша несие менеджері Қанат Сүйеубаев, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасыныӊ Қазалы аудандық филиалыныӊ директоры Ермек Аймаханов, Қазалы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімініӊ басшысы Иліби Ибиев қатысып, тұрғындарға қажетті кеӊестері мен тиісті түсініктемелер берді.

Қабылдауға келген тұрғындар өздерініӊ өзекті мәселелерін алға тартып, үкімет тарапынан несие алу жолдары мен оныӊ пайыздары жайында сауал қойып, арнайы мамандардан кеӊес алды.

Қоғамдық қабылдауға қатысқандар "Жұмыспен қамту-2020", "Береке", "БҰҰ Экодаму" бағдарламалары аясында өз отбасын асырып, өзгені жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлер Ербол Ибілтаев, Елубай Сағадиев пен Болат Далиевтіӊ кәсіптерімен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны