23.05.2017, 14:35 3949

Қызылорда облысы өрт сөндірушілері жаттығу өткізді

Оқу-жаттығу барысында әуелі отты қоршау, жиектерді жырту іс -әрекеттері пысықталды. Өрт сөндірушілер секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқи соққан желмен арпалыса жүріп 1 сағатта жалынды сөндірді.

Қызылорда. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада орман өртініӊ алдын алуға бағытталған жаттығу өтті. Оныӊ сценарийі бойынша қала іргесіндегі Эдельвейс саяжайында орман шаруашылығыныӊ аумағында қураған ағаштар мен бұталардыӊ жануы орын алды. Шартты өрт 100 шаршы метр алаӊды қамтыды.

Оқу-жаттығу барысында әуелі отты қоршау, жиектерді жырту іс -әрекеттері пысықталды. Өрт сөндірушілер секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқи соққан желмен арпалыса жүріп 1 сағатта жалынды сөндірді.

Іс-шара қорытындысында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасыныӊ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты З. Салмырзаұлы облыстық телеарнаға берген сұхбатында өртке көп ретте тұрғындардыӊ немқұрайдылығы себеп болатынын атап өтті.

- Бір ғана мысал, адамдар темекі тұқылын жол жиегіне лақтырады, табиғатта демалу кезінде алау жағады, шыны қалдықтарын тастайды. Осыныӊ барлығы орман өртініӊ тұтануына әкеліп соғады. Сонымен қатар, тұрғындар тұрғын үйлердіӊ жанында құрғақ шөптерді өртеп, адамдардыӊ өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, - деді ол,- деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны