19.04.2017, 16:18 4520

Қызылорда облысы Жаӊақорған аудандық прокуратурасы кәсіпкердіӊ құқығын қорғады

Қызылорда облысы Жаӊақорған аудандық прокуратурасы кәсіпкердіӊ құқығын қорғады

Қызылорда. 19 сәуір. Kazakhstan Today -Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасыныӊ Жаӊақорған аудандық филиалында орналасқан прокурор кабинетінде жеке кәсіпкер А.Калжанов қабылдауда болып, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісін алуына ықпалдасу жөнінде арызданып, қарау нәтижесімен жергілікті атқарушы органмен заӊдылықты бұзушылықтарға жол берілгені анықталды,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Нақтыласақ, Жаӊақорған аудандық жер қатынастары бөлімімен 11.07.2014 жылы Жаӊақорған кенті "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолыныӊ бойынан объекті құрылысын салу үшін жалпы көлемі 0,50 гектар жер учаскесін сатуға аукцион өткізіліп, нәтижесімен жеке кәсіпкер А.Калжанов жеӊімпаз болып танылған.

Осыдан кейін, Жаӊақорған аудандық жер қатынастары бөлімі мен А.Қалжанов арасында жерді алуға келісім шарт жасалып, осыдан кейін 700 532 теӊге жер құнын толығымен төлеген.

Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз-хатшысы Сейіл Ботакөздіӊ хабарлағанындай, алайда, А.Калжановтыӊ арызын қарау барысында кәсіпкерлік мақсатта объекті салу үшін көздеген жер учаскесіне 2 жылдан астам уақыт бойы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісі алынбағаны анықталды.

Бұл жағдайдыӊ созбалаӊға салынуына жергілікті атқарушы органмен Жер кодексініӊ 48-бабыныӊ (Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу) талабына сәйкес, жер учаскесініӊ шекарасыныӊ айқындалмауы себеп болған.

Орын алған заӊсыздықтар бойынша аудандық прокуратура аудан әкімдігіне прокурорлық қадағалау актісі енгізіп, нәтижесінде жеке кәсіпкер А.Қалжановтыӊ құқығы қорғалып, жерге жеке меншік құқығы табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны