22.05.2017, 15:36 4212

Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданында "Газет өміршеӊдігін мазмұны айқындайды" атты көшпелі семинар өтті

Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданында "Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ көшпелі семинары өтті. "Газет өміршеӊдігін мазмұны айқындайды" атты көшпелі семинарды серіктестіктіӊ бас директоры Аманжол Оӊғарбаев ашты.

Қызылорда. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданында "Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ көшпелі семинары өтті. "Газет өміршеӊдігін мазмұны айқындайды" атты көшпелі семинарды серіктестіктіӊ бас директоры Аманжол Оӊғарбаев ашты.

Ол өз сөзінде қазір БАҚ алдында тұрған міндеттер мен оныӊ мәртебесі жайлы айтып өтті. Серіктестікте атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Семинарда сонымен қатар екінші жартыжылдықта баспасөзге жазылудыӊ барысы, басылымдардыӊ тақырып таӊдаудағы талғамы, медиа кеӊістікте аймақ журналистикасыныӊ алар орны, басылымдардыӊ мазмұндық деӊгейін арттырудағы ізденістер, журналистердіӊ шығармашылық әлеуетін арттырудағы жұмыстар барысы айтылды. Серіктестік бас директорыныӊ орынбасары М.Аралбаев, облыстық "Сыр бойы" газетініӊ бас редакторы Ж. Ибдіраман, облыстық "Қызылорда-ньюс" интернет газетініӊ бас редакторы М. Жетпісбаев, "Қазалы" аудандық газетініӊ бас редакторы Д. Омаров пен "Жаӊақорған тынысы" аудандық газетініӊ бас редакторы Н. Байгенженіӊ осы бағытта жасаған хабарламалы тыӊдалды.

Семинарда көтерілген мәселелерге орай серіктестік мамандары өз пікірлерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны