09.06.2017, 18:26 4541

Қызылорда облысында 66 жастағы әже мен жасөспірім балаларды судан құтқарып қалды

Ижейдіӊ бұл бірінші рет адам құтқаруы емес екен, оны білетіндер өткен жылы да бір ер адамды суға кетуден аман алып қалды деп отыр. Олардыӊ ерлігі назардан тыс қалмақ емес. Екеуі де балаларды құтқарғаны үшін марапаттауға ұсынылды.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Күн сайын қарапайым азаматтар бір-біріне қолұшын созып, кейде өзі жете танымайтын адамды ажалдан құтқару үшін өз басын қатерге тігіп жатады. "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасы тілшілерініӊ "Иже мен жасөспірім суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалды" тақырыбында әзірлеген сюжеті осы тақырыпқа арналыпты.

Аты айтып тұрғандай бейнематериал арамызда жүрген елеусіз ерлік иелеріне арналады.

66 жастағы қала тұрғыны үш баланы судан алып шықты. Алайда, олардыӊ бірі тірі қалмады. Ал үшеуініӊ де өліп кетуі мүмкін еді. Бұл оқиға 25 мамырда "Пищевик" саяжайында орын алған болатын. Оқыс оқиғада ойланбай балаларды құтқаруға ұмтылған Базар Сәрсенбаеваға 14 жасар Жомарт Орнықбаев көмекке келді.

"Отын алуға шыққанмын. Жылап тұрған кішкентай қызды көрдім, ол: ағам суға кетті, ағам суға кетті деп еӊіреп тұр. Бұл кезде қалай қарап тұра алам? Олар да маған балаларым секілді ғой. Судан үш баланы кезек-кезек шығардым. Олар әр жерде суға батып бара жатты. Алдымен екі баланы жаға шығардым. Илім кете бастады, жедел жеткен Жомартқа үшінші баламен бірге судан шығуыма көмектесті",- дейді Базар Сәрсенбаева.

Жомарт Орнықбаев №10 орта мектептіӊ 8 сынып оқушысы. Ол дария жағасына өзін атасы жұмсағанын айтады. Өзен жақтан шыққан шудыӊ себебін білмек болып шыққан бала осындай оқиғаға кезігіпті. Ойланып тұруға уақыт тар еді. Бірден көмекке ұмтылды.

Біздіӊ екі кейіпкеріміз де суға жақсы жүзетін болып шықты. Базар апай қазіргі күні де өзенге келіп, суға түсіп салқындап алғанды ұнатады. Ал. Жомартты ағалары суға жүзуге үйреткен екен.

Ижейдіӊ бұл бірінші рет адам құтқаруы емес екен, оны білетіндер өткен жылы да бір ер адамды суға кетуден аман алып қалды деп отыр.

Олардыӊ ерлігі назардан тыс қалмақ емес. Екеуі де балаларды құтқарғаны үшін марапаттауға ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны