14.03.2017, 20:55 4692

Қызылорда облысында ағылшын тілін меӊгерген пән мұғалімдерін даярлау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырыла бастады

Қызылорда облысында KATEV халықаралық қорыныӊ қолдауымен 2015-2016 оқу жылынан бастап М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде ағылшын тілін меӊгерген физика, математика, информатика пәндерініӊ мұғалімдерін даярлау пилоттық жобасы республикада алғашқы болып енгізілді.

Қызылорда. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында KATEV халықаралық қорыныӊ қолдауымен 2015-2016 оқу жылынан бастап М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде ағылшын тілін меӊгерген физика, математика, информатика пәндерініӊ мұғалімдерін даярлау пилоттық жобасы республикада алғашқы болып енгізілді. Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша колледждіӊ 1-2 курсында 150 студент білім алуда. Колледжді 2018-2019 оқу жылы бітірген алғашқы 75 түлек мектеп-лицейлерде ағылшын тілінде дәріс беретін болады. Бұл тәжірибе басқа мектептерде де бірте-бірте таратылады.

- Елбасыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты халыққа Жолдауында білім беру жүйесініӊ рөлін өзгертуді меӊзейді. Соныӊ ішінде білім беруде қазақ тілініӊ басымдығын сақтай отырып, қала мен ауыл мектептеріндегі білім беру сапасы, білікті педагогтардыӊ жетіспеушілігін ескеріп 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуды кезеӊ-кезеӊімен енгізудіӊ қажеттілігін айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік жекеменшік әріптестікті мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту бағытында облыста атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Елбасыныӊ бастамасы бойынша 2017 жылдан бастап тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы іске асырыла бастады. Жолдауда тегін оқытуды еӊ алдымен жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтып отырған жастар сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар алуы тиіс екендігі айтылды, - дейді Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Бақытжан Сайлыбаев.

Басқарма басшысы Елбасы Жолдауында аталған бағыттар бойынша облыстағы білім беру ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеӊінен баяндап, журналистердіӊ сұрақтарына жауап берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны