11.09.2017, 11:14 4190

Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жетілдіріледі

Сарапшылардыӊ талдауынша, алдағы уақытта әлеуметтік қызмет көрсетудіӊ жаӊаша ұйымдастырылуы мемлекеттіӊ, азаматтыӊ және отбасыныӊ ынтымақтаса әрекеттесуі көрсетілетін қызметтіӊ сапасыныӊ жақсаруына септігін тигізеді. Аймақта азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер қызмет көрсету оларға ұйымын таӊдау арқылы көрсетіліп отыр.

Қызылорда. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында интернат-үйлерінде тәрбиеленген 30-дан астам мүгедек бала отбасыларына оралып, әлеуметтік қызметті күндізгі бөлімшелерде алуда. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша қазіргі таӊда 5 үкіметтік емес ұйыммен 200-ге жуық адамдар әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Бұл қадамсыз мемлекет тағы қосымша көп орынды интернат-үйлерді салуға мәжбүр болар еді.

- Сарапшылардыӊ талдауынша, алдағы уақытта әлеуметтік қызмет көрсетудіӊ жаӊаша ұйымдастырылуы мемлекеттіӊ, азаматтыӊ және отбасыныӊ ынтымақтаса әрекеттесуі көрсетілетін қызметтіӊ сапасыныӊ жақсаруына септігін тигізеді. Аймақта азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер қызмет көрсету оларға ұйымын таӊдау арқылы көрсетіліп отыр. Илеуметтік қызмет алушылар интернат үйлерімен қатар үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілуде. Көптеген ата-аналар балаларын отбасында сақтап қалуға ниетті болғандықтан, мамандандырылған күндізгі бөлімшелер ашылды. Бүгінде интернат-үйлерінде тәрбиеленген 30 астам мүгедек бала отбасыларына оралып, әлеуметтік қызметті күндізгі бөлімшелерде алуда, - дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, басқарма басшысы әлеуметтік қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыру мәселесіне тоқталды. Қаржыландыру механизмін өзгерте отырып, олардыӊ жалақысын көбейту сұрағы қаралады. Илеуметтік қызметтер жүйесін одан әрі жетілдіру тұжырымдамасыныӊ жобасыныӊ негізгі мақсаты әлеуметтік қызмет көрсетудіӊ сапасын жеткілікті және қажетті деӊгейге жеткізу болып табылады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмдерін жетілдіру негізінде мұқтаж азаматтарға қызмет көрсету түрлерін таӊдау қолжетімділігін ұсыну.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны