24.08.2011, 11:59 3741

Қызылорда облысында баласын соққыға жыққан өгей әке сотталды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қызылорда облысында екі жасар өгей баласын ұрған әке алты жылға бас бостандығынан айырлған. Бұл туралы Қызылорда облысы Қармақшы аудандық соты мәлім етті.

Қызылорда. 24-тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында баласын соққыға жыққан өгей әке сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қызылорда облысында екі жасар өгей баласын ұрған әке алты жылға бас бостандығынан айырлған. Бұл туралы Қызылорда облысы Қармақшы аудандық соты мәлім етті.

Тергеу нәтижесі бойынша, ер кісі мас күйінде сәбиді басынан жұдырықпен ұрып, соның салдарынан бала ауыр дене жарақатын алған. Ол сотта баланың жылай бергеніне шадай алмай ұрғанын айтқан.

Айыпталушы Қармақшы аудандық сотының шешімімен Қылмыстық кодекстің 103 бабы бойынша кінәлі деп табылып, қатаң режимдегі колонияға алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны