22.09.2018, 20:19 5942

Қызылорда облысында биылғы жылы 7112 түлек мектеп бітіріп, олардыӊ 4742-сі яғни 66,6%-ы ҰБТ-ға қатысты

Мемлекеттік грант иегерлері 57,6%-ды құрады, өткен жылмен салыстырғанда грант иегерлерініӊ саны 509-ға артты, яғни 2733 түлек мемлекеттік гранттарға ие болды.

Қызылорда. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында биылғы жылы 7112 түлек мектеп бітіріп, олардыӊ 4742-сі яғни 66,6%-ы ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл - 85,82%, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,4 балға артты.

Мемлекеттік грант иегерлері 57,6%-ды құрады, өткен жылмен салыстырғанда грант иегерлерініӊ саны 509-ға артты, яғни 2733 түлек мемлекеттік гранттарға ие болды. Олардыӊ 823-і "Серпін" бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.

Талапкерлердіӊ 45,2% - техникалық, 25,4% - педагогикалық, 7,5% - медицина, 10,3% - ауылшаруашылық мамандықтарын таӊдаса, 11,3% басқа салалар бойынша білім алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны