03.07.2008, 10:43 1357

Қызылорда облысында денсаулық сақтау және мәдениет басқармаларының жаңа басшылары тағайындалды

Қызылорда облысында денсаулық сақтау және мәдениет басқармаларының жаңа басшылары тағайындалды

Қызылорда. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың бұйрығымен денсаулық сақтау және мәдениет басқармаларының жаңа басшылары тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып Баймаханов Болатбек Бимендиұлы тағайындалды. Ол 1962 жылы туған. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медициалық институтын, 2006 жылы - Қазақ экономикалық университетін бітірген, хирург және экономист мамандықтарын игерген.

Ал мәдениет басқармасының төрағасы болып Жүсіпов Берік Мырзалыұлы тағайындалды. Ол 1970 жылы туған. 1995 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны