25.05.2017, 15:32 5427

Қызылорда облысында кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментініӊ ресми мәліметіне сәйкес, 2017 жылдыӊ эпидмаусымында аймақта қоздырғыштары таралған қолайсыз аймақ болып 117 елді мекен анықталған.

Қызылорда. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Өӊірлік Коммуникациялар қызметініӊ ұйымдастыруымен Қызылорда облысында Конго-Қырым безгегініӊ алдын-алу бағытында жасалып жатқан жұмыстарды ақпараттандыруға арналған баспасөз-туры өтті.

Журналистер Жалағаш ауданы Ақсу ауылындағы қауіпті кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарымен танысты. Улау жұмыстарын "Сервис Дезо" медициналық мекемесі жүргізуде.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментініӊ ресми мәліметіне сәйкес, 2017 жылдыӊ эпидмаусымында аймақта қоздырғыштары таралған қолайсыз аймақ болып 117 елді мекен анықталған.

Жалпы аудан бойынша 10 елді мекенде көктемгі кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге залалсыздандыру бірінші айналым толықтай аяқталып, екінші легі басталуда. Жалпы көлемі 297 111 шаршы метрді құрайтын 3 550 қора, 46 591 мал залалсыздандыруда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны