03.07.2017, 14:04 4807

Қызылорда облысында "Құқықтық сауаттылық - заман талабы" тақырыбында кездесу өтті

Кездесудіӊ мақсаты - заӊгер мамандар мен құқық қорғау орган қызметкерлерін, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарларын, мектеп инспекторларын, ата-аналарды тарта отырып құқық бұзушылық, терроризмніӊ алдын алу бойынша мәселелерді талқылау. Тұрғындардыӊ құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау. Терроризмніӊ алдын алуға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Қызылорда. 3 шілде. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 29 маусым күні Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ тапсырысымен "Мәртебелі Қазақстан" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті №4 емханасында "Тұрғындардыӊ құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру" әлеуметтік жобасы қызметін жүзеге асыру аясында "Құқықтық сауаттылық - заман талабы" тақырыбында кездесу және "Заӊгер маман кеӊес береді" атты кеӊес беру шаралары болып өтті.

Кездесуге құқық қорғау орган қызметкерлері, кенте қарасты мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен жасөспірімдердіӊ ата-аналары қатысты.

Кездесудіӊ мақсаты - заӊгер мамандар мен құқық қорғау орган қызметкерлерін, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарларын, мектеп инспекторларын, ата-аналарды тарта отырып құқық бұзушылық, терроризмніӊ алдын алу бойынша мәселелерді талқылау. Тұрғындардыӊ құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау. Терроризмніӊ алдын алуға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Жоғарыда аталған тақырыпты кеӊінен түсіндіру мақсатында Тасбөгет полиция бөлімініӊ жергілікті полиция қызметініӊ бастығы Қаршыға Исет Қаршығаұлы сөз сөйлеп, Тасбөгет полиция бөлімініӊ жергілікті полиция қызметініӊ аға инспекторы Аманбаев Бағдаулет хабарлама жасады.

Сонымен қатар Тасбөгет полиция бөлімініӊ жергілікті полиция қызметініӊ жасөспірімдер инспекторы, полиция аға лейтенанты Бекбосынов Ерзат жасөспірімдерге қатысты мәселелерді кеӊінен қозғап, өз ойларын ортаға салды, тұрғындардыӊ сауалдарына жауап берді.

Облыстық әйелдер кеӊесініӊ төрайымы Мусаева Нұрсауле Дүйсембайқызы және "Мәртебелі Қазақстан" қоғамдық қорыныӊ президенті, заӊгер, полиция подколковнигі Қайрат Байқадамов қозғалып отырған тақырып аясында өз пікірлерімен бөлісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны