22.09.2018, 20:21 6135

Қызылорда облысында мәдени мұраны сақтау мәселелері талқыланды

"Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" жобасыныӊ бірінші кезеӊі бойынша облыс көлеміндегі 12 ескерткіш "Жалпыұлттық қасиетті нысандар", 35 нысан "Өӊірлік қасиетті нысандар" кітаптарына жүктелді, - деді Иділбек Ерсұлтанов.

Қызылорда. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәдени саясат - қоғамныӊ негізгі құндылықты бағыттары мен тұлғаныӊ жасампаз бастамасын қалыптастыратын әрбір дамыған мемлекеттіӊ басты идеологиялық тұғырнамасы.

Осыған орай Мемлекет басшысы "Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты өзініӊ Қазақстан халқына Жолдауында "Қазақстандықтардыӊ бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған елдіӊ мәдени саясаты дамуыныӊ ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту" туралы нақты міндет қойды.

Елбасыныӊ 2014 жылғы 17 қаӊтардағы Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген тұжырымдамалық құжат бүгінде еліміздегі мәдениет саласын дамыту мақсатында мәдени саясаттыӊ жалпы тәсілдері мен негізгі қағидаттарын және оныӊ басым бағыттарын айқындап отыр.

Қызылордада "Мирас" аймақтық қоғамдық кеӊесініӊ мүшелері мемлекеттік және ҮЕҰ, белсенді жастар мен БАҚ өкілдерініӊ қатысуымен осы бағыттағы жұмыстарды саралады.

Жалпы, күн тәртібіне сәйкес алдымен өӊірдегі халыққа мәдени қызмет көрсететін мәдениет және өнер мекемелерініӊ жағдайын баяндау үшін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысыныӊ орынбасары Иділбек Ерсұлтанов хабарлама жасады.

Ол мәдениет кластерлерін дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Оныӊ айтуынша, "Ұлы Жібек жолын жаӊғырту" кластері бойынша Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды ескерткіш кешені толықтай жаӊғыртудан өтіп, туристік нысанды бүгінгі күні халықаралық туристік маршрутқа енгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Бұған қоса, облыстық тарихи-өлкетану музейіне жөндеу-реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, музей заманауи үлгіде толығымен қайта жабдықталған. Сонымен қатар, өӊірдегі 9 ескерткіш - Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті ескеркіштері және Сауысқандық петроглифтері ЮНЕСКО-ныӊ Дүниежүзілік мұраларыныӊ алдын-ала тізіміне енгізілді.

"Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" жобасыныӊ бірінші кезеӊі бойынша облыс көлеміндегі 12 ескерткіш "Жалпыұлттық қасиетті нысандар", 35 нысан "Өӊірлік қасиетті нысандар" кітаптарына жүктелді, - деді Иділбек Ерсұлтанов.

Жиында "Нұр Отан" партиясыныӊ жаӊа бастамашыл жобаларыныӊ бірі - "Қазақстан кітапханалары" партиялық жобасы аясында облыс кітапханаларыныӊ заманауи талаптарға сәйкес ақпараттық қызмет көрсету мәселесі де сөз болды.

Бұл бағытта облыстық И.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана директоры, аймақтық "Мирас" кеӊесініӊ мүшесі Нұржамал Мырзамұратова хабарлама жасап,атқарылған жұмыстарды жан-жақты жеткізді.

- Бүгінде кітапхана заманауи жабдықпен жабдықталған барлық қажетті іскерлік кездесулер, шеберлік сабақтар өткізуге ыӊғайлы қарым-қатынас орталығына айналуда. Осындай жайлы ақпараттық орта қалыптастыру мақсатында облыстық кітапханада "Коворкинг" орталығы ашылды. Осы жылы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты бірқатар аудандық, ауылдық кітапханаларда коворкинг орталығын ашу жоспарланып отыр. Ауылдық онлайн-орталықтыӊ жаӊалықтарымен танысуға мүмкіндік беретін "Қызылорда даусы" мобильді қосымшасы іске қосылды. Енді оқырмандар "Қызылорда даусы" мобильді қосымшасын смартфонға Play Market арқылы жүктеп, танысуға мүмкіндігі бар, - деді Нұржамал Мырзамұратова.

Кеӊес мүшелері тақырыпқа орай қордаланған мәселелерді алға тартып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.Онда, қазіргі қазақ әдебиетініӊ негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткерлері Бейімбет Майлин мен Сәкен Сейфуллинніӊ алғаш шығармашылық үй жайлары орналасқан аумаққа кейінгі ұрпаққа ақпарат беретін арнайы ескерткіш тақта орнату, кітапханаға оқырмандарды шоғырландыру, жас ұрпақты кітап оқуға тәрбиелеу, мәдени ескерткіштерді қатаӊ қорғау секілді түрлі ұсыныстар талқыланып, жұмысты жетілдіруге жұмыс жасау керектігі айтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны