26.09.2017, 17:38 4413

Қызылорда облысында Мемлекеттік күзет қызметініӊ "Айбын" және "Батыр" бөлімдеріне жастарды іріктеуден 15 азамат өтті

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Соныӊ аясында Мемлекеттік қызметтіӊ элиталы "Айбын" және "Батыр" бөлімдеріне жастарды іріктеу жүруде. Бүгінгі таӊда Қызылорда облысында сыннан өткен 28 үміткердіӊ ішінен 15 азамат қана күзет қызмет қатарына алынады.

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Соныӊ аясында Мемлекеттік қызметтіӊ элиталы "Айбын" және "Батыр" бөлімдеріне жастарды іріктеу жүруде. Бүгінгі таӊда Қызылорда облысында сыннан өткен 28 үміткердіӊ ішінен 15 азамат қана күзет қызмет қатарына алынады. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР мемлекеттік күзет қызметініӊ өкілі Жанбатыр Мартұлы мен Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығыныӊ орынбасары Е.Абдуллаев мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметініӊ "Айбын" және "Батыр" Президенттік полктері Қазақстан армиясыныӊ элитасы болып есептеледі. Еӊ үздік әскери қызметшілерді бір арнаға тоғыстырған Қызметтіӊ бұл құрылымдық бөліністеріне іріктеу басымдылықпен, әрі қатаӊ талаптарға сай жүргізіледі.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметініӊ офицерлері талап бойынша бойы 180 см кем емес әскерге шақырылушыныӊ оқу және қызмет орындарынан мінездемелерін, араласу ортасын, бейімділігін, қызығушылықтарын анықтап, оныӊ психологиялық бет-бейнесімен қатар, медициналық көрсеткіштерін зерделейді,- деді Ерлан Маратұлы.

Ант қабылдау рәсімінен кейін жас сарбаздар ҚР Мемлекеттік күзет қызметініӊ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әскери бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл жерде оларға аса маӊызды тапсырма - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ, және өзге күзетілетін лауазымды тұлғалар мен объектілердіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүктеледі. Ресми сапармен Қазақстанға келген мемлекет басшыларыныӊ қатысуымен өтетін салтанатты іс-шараларға қатысып, Мемлекеттік Ту мен Елтаӊба эталондарын күзетке алады.

- Осындай жауапты қызметті мінсіз атқару үшін Қызметте әскери қызметшілердіӊ жауынгерлік дайындығына да үлкен көӊіл бөлінеді. Дайындық барысында сарбаздар парашюттен секіру, суда әскери техниканы тізгіндеуді үйреніп, тағы да басқа әскери жаттығуларды меӊгереді. Спорттық жетістіктері бар жас сарбаздар түрлі деӊгейдегі, соныӊ ішінде әлемдік ареналарда өтетін жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады, - деді ҚР мемлекеттік күзет қызметініӊ өкілі Жанбатыр Мартұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны