30.04.2017, 23:10 8002

Қызылорда облысында "Мемлекеттік тілді меӊгертудіӊ тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг болып өтті

Қызылорда облысыныӊ Достық үйініӊ мәжіліс залында "Мыӊ бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында "Мемлекеттік тілді меӊгертудіӊ тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.

Қызылорда. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Достық үйініӊ мәжіліс залында "Мыӊ бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында "Мемлекеттік тілді меӊгертудіӊ тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.

Шараға "Қоғамдық келісім" КММ директорыныӊ міндетін атқарушы Ержан Уәйіс, аталмыш мекеменіӊ бас сарапшысы Шакизат Ибдіраманова және қаланыӊ аралас мектептерініӊ қазақ тілі және әдебиет пәнініӊ мұғалімдері қатысты.

"Мыӊ бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы - этностық топтардыӊ мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларына, жастарына мемлекеттік тілді үйрету барысында қоғамныӊ рухани негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарды бойына сіӊіруді, қазақстандық бірегейліктіӊ азаматтық қағидаттарын қалыптастыруды көздейді.

Жиналғандардыӊ алдында облыстық тілдерді оқытудыӊ өӊірлік орталығыныӊ аға оқытушысы, оқу әдістемелік әзірлемелердіӊ авторы Ж.Ерекешова, үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандырылған "Мұрагер" мектебініӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Қорабаева, Ж.Қизатов атындағы №23 орта мектептіӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Ибадуллаева, И.Панфилов атындағы №5 орта мектептіӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Мақұлбекова сөз сөйлеп, оқыту әдістерініӊ жаӊаша тәсілдерімен бөлісе отырып, өзара тәжірибе алмасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны