03.10.2017, 16:52 3942

Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы биыл жыл аяғына дейін жаӊа емхана пайдалануға берілмек

Сонымен қатар, алда Сырдария ауданындағы Ақжарма, Аралдағы Бекбауыл, Қазалыдағы Өркендеу ауылдарында дәрігерлік амбулатория салынады. Сондай-ақ, Тасбөгет кентінен ауысымына 250 келушіге арналған емхана салу жобасы жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға жалпы көлемі 2 млрд. теӊгеден астам қаржы жұмсалады.

Қызылорда. 3 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесі бір жолға қойылды. Осыныӊ арқасында биыл жыл аяғына дейін жаӊа емхана пайдалануға берілмек. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ баспасөз қызметі хабарлады. Теміржолдыӊ солтүстік аймағы тұрғындары үшін қызмет көрсететін №2 қалалық емхана 400 келушіге арналып отыр.

Сонымен қатар, алда Сырдария ауданындағы Ақжарма, Аралдағы Бекбауыл, Қазалыдағы Өркендеу ауылдарында дәрігерлік амбулатория салынады. Сондай-ақ, Тасбөгет кентінен ауысымына 250 келушіге арналған емхана салу жобасы жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға жалпы көлемі 2 млрд. теӊгеден астам қаржы жұмсалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны