05.05.2017, 17:53 7799

Қызылорда облысында нұротандықтар Айдана Оралбайға халықаралық конкурсқа қатысуға көмек көрсетті

- Жуырда Айдана ғаламтор арқылы халықаралық конкурсқа қатысуға жолдама жеӊіп алған еді. Санкт-Петербург қаласында өтетін бұл шараға қаржы тауып беру біз үшін қиын болды. Қалталы азаматтардан көмек сұрағанымызбен селт еткен ешкім бола қойған жоқ. "Нұр Отан" партиясыныӊ қоғамдық қабылдауына жазылып, жағдайымды айттым, - дейді Айдананыӊ әжесі Гүлдарай Қожағалиева.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында нұротандықтар Айдана Оралбайға Санкт-Петербург қаласында өтетін халықаралық конкурсқа қатысуға көмек көрсетті,- деп хабарлайды партия филиалыныӊ баспасөз қызметі.

Партияныӊ қоғамдық қабылдауы - халықпен тиімді жұмыс жасаудыӊ тетігі. Осындай қабылдауда облыс орталығында тұратын Айдана Оралбайдыӊ жағдайына қаныққан партиялықтар мүмкіндігі шектеулі қызға көмек қолын созды.

Айдана Оралбай III-топ мүгедегі. Қаладағы №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернаттыӊ 8 сыныбында оқиды. Дарынды қыз би билейді, ым тілінде ән айтады, сурет салуды да жақсы көреді. 3-ші сыныптан бастап Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында ұйымдастырылатын республикалық "Жұлдызай", облыстық деӊгейде өтетін "Жүрек жылуы" байқауларында топ жарған

- Жуырда Айдана ғаламтор арқылы халықаралық конкурсқа қатысуға жолдама жеӊіп алған еді. Санкт-Петербург қаласында өтетін бұл шараға қаржы тауып беру біз үшін қиын болды. Қалталы азаматтардан көмек сұрағанымызбен селт еткен ешкім бола қойған жоқ. "Нұр Отан" партиясыныӊ қоғамдық қабылдауына жазылып, жағдайымды айттым, - дейді Айдананыӊ әжесі Гүлдарай Қожағалиева.

Осылайша партиялықтар көмегімен Айдана Санкт-Петербург сахнасында өнер көрсетеді. Талантты қыздыӊ жағдайымен танысқан жетекші партия мүшелері оныӊ жол шығынына кететін қаржыны тауып берді.

"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімініӊ меӊгерушісі Мақсұт Баекеев жыл басынан бері оларға 1369 өтініш түсіп, оныӊ 25 пайызы шешімін тапқанын айтады. Ир айдыӊ алғашқы күні "Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ өтініштері арнайы қаралады.

- Бұл санаттағы жандардыӊ өтінішіне ерекше мән беріледі. Айданаға берілген көмекті облыстық, қалалық мәслихаттағы партия фракциясыныӊ мүшелері ұйымдастырды, - дейді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны